Шымкентте ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы парамен ұсталды

376
Шымкент қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Исақбаев Пархат Әмірәлиұлы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"9 шілдеде пара алды деген күдікпен Шымкент қаласының ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы  ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері ІІМ басшылығының ерекше бақылауында",- деп жазылған ІІМ хабарламада.

Пархат Исақбаевтың адвокаттары айыпталушыны адвокаттарымен жолықтырмай жатқанын, жалпы процессуалдық бұзушылықтар орын алып жатқанын хабарлады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.