Илон Маск күннен қуат алатын телефонды таныстырды

369

Tesla компаниясы күннен қуат алатын алғашқы смартфонды таныстырды. Мамандар жаңа телефонда үздік болу үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Телефонды саяхат кезінде алып жүруге болады. Себебі қуат көзі болмаған жағдайда байланыссыз қалмайсыз дейді компания өкілдері. Әзірге ешқандай смартфонда мұндай мүмкіндік жоқ.

Смартфон 30 минут күн көзінде болу арқылы 20% қуат жинай алады. Қуат панелі құрылғының артқы жағына орналастырылған. 

Сонымен қатар Tesla Phone тікелей Starlink спутниктік желісіне қосылып, Жердің кез келген нүктесінде ғаламторды пайдалануға мүмкіндік береді. Смартфон иелеріне желі тегін қосылады және шексіз пайдалануға болады.