Ағайындыларды соққыға жыққан топқа қатысты жаза талап етілуде

1 514

Фото:© QumashАрыс қаласында 30 жастағы Алмасбек пен 16 жастағы Сауран есімді ағайындыларды дүкенде он шақты жігіт аяусыз ұрып кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушілердің туыстарының айтуынша, сол күні олардың отбасылық дүкеніне екі жігіт келіп, 500 теңгелік қағаз ақшамен есеп айырысқан. Алмасбек ақшаның жалған болуы мүмкін екенін айтқанда, сатып алушылар ашуланып, «үлкендерді шақырамыз» деп кеткен. Арада 15 минуттай өткеннен кейін 10 шақты жігіттен тұратын топ келген.

«Туыстарының сөзінше, олар Алмасбектің қолынан ұстап тұрып, өмірлік маңызды мүшелерінен қолмен және швабрамен ұрып, аяусыз соққыға жыққан. Көмекке келген інісі Сауранды да жұдырықтап, есінен тандырған. Бұған қоса бұзақылар дүкен мүлкін бүлдіріп, тауардың бір бөлігін ұрлап әкеткен», – делінген жазбада.

Соққыға жығылған екі жігіт ауруханаға түскен. Оларға әлгі жігіттердің ата-аналары келіп, қоқан-лоқы көрсеткен. Полиция департаменті арызды толық қабылдамаған, полицейлер Алмасбектің сот-медициналық сараптамадан өтуін күтіп отыр. Бұзақылар әзірге бостандықта жүр.