Сырдария ауданында баспасөз мәжілісі өтті
Сырдария аудандық сотының төрағасы Руслан Алдамбергенов тоғыз айдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жиынға сала мамандары, жергілікті БАҚ өкілдері мен аудандық сот ұжымы қатысты. Өз кезегінде сот төрағасы сала бойынша аудандағы орын алған жағдайлар мен атқарылған жұмыстарды айтып өтті.
Сондай-ақ 2024 жылдың 9 айында соттың өндірісіне 297 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп, 5 іс өткен жылдан қалдыққа қалған. Түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішінде 289 адамға қатысты 289 іс қаралған. 217 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 72 адамға қатысты тоқтатылған. 15 жекеше қаулы қабылданған. Өткен жылмен салыстырғанда түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны 108-ге, қаралған істердің саны 112 іске көбейген.
Аудандық сот төрағасы әкімшілік-құқықбұзушылық бойынша мас күйінде көлік жүргізу мен отбасылық зорлық-зомбылықтың жиі кездесетінін айтты. Аталған мәселеге орай заң талабы күшейтілгенімен, отбасына зәбір көрсететіндер мен мас күйінде көлік жүргізетіндер тыйылмай тұрғанын атап өтті.
Айта кетейік, 2024 жылдың 9 айында барлығы партисипативтік рәсім тәртібімен 1 бітімгершілікпен 1 іс, азаматтық іс, медиаторлардың қатысуымен 108 азаматтық істер, 39 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, 11 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Осы орайда келіп түскен талап-арызды келісіммен, медиация тәртібімен шешу бойынша аудан облыс көлемінде көш бастап келеді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Ал істер 100 пайыз аудио-бейне жазба арқылы қаралады. Есепті мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық істердің 100 пайызы электронды нұсқада түсіп қаралған. Баспасөз мәжілісінің басты мақсаты — ауданның соңғы жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы халықты хабардар ету. Аудан әкімі мен жауапты мамандар алдында сұрақ-жауап сессиясы өткізіп, түрлі салаларындағы жаңалықтарды жария етті. Жаңа әлеуметтік жобалар, инфрақұрылымдық даму мен кәсіпкерлік саласындағы бастамалар да талқыланды. Кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы Р.Алдамбергенов аудандық медиа саласы өкілдерімен тығыз жұмыс жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.