Ардагермен сыр – сұхбат...

265
Ел тарихындағы сұрапыл, сұм соғыстың болып өткеніне де 77 жыл толды,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Майданымыз ауыр, азапты өмірлері қанша тағдырды жылатып кетті. Әкесіз өткен жетімек балалық шақ тартысқа түскен тағдыр азап пен тауқыметке толы өмір мұның бәрі де зұлмат соғыс жылдарының көрінісі болса, жүрекке жылу ұялатып, сөнгенді тұтандырып, келешекке үміт ұялатқан әр жүректегі ұлы ұғым, күткен қуаныш ол жеңіс болды.
Жеңістің туын көтерген әр майдангерлерімізге бүгінгі ақ таңымыз үшін мың алғыс.

Осы тұста Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бактияр Дауренкулов және анықтаушы (криминалист) әділет капитаны Бекзат Жұмағазин, Қызылорда өңірінің тумасы Ұлы Отан соғысының ардагері Абдрахман Байтиковтың шаңырағына арнайы барды. 

Абдрахман Байтиков қонақтарды қуанып қарсы алып, өзінің майдан даласындағы ауыр өмірінен сыр шертті. Қан майданындағы шайқастарын, қарулас достарын, соғыс даласындағы ерліктерін әңгімелеп берді.
Сұхбаттасу соңында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне алғысын айтып, ақ батасын берді.
 
 Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы лейтенант Мұхит Қонаров