ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ
2 194
Ол жақта да өмір бар. Әрине, жадырап-жайнаған еркін өмір қайдан болсын... Дегенмен, адамға ажал келмеген соң қай жерде болмасын, қандай жағдайда да өмірін сүреді. Ал, Ата Заңымыз бойынша адам мемлекеттің басты байлығы болғандықтан, қоғамнан «алыстатылған» азаматтарға да жағдай жасалуы керек.
Шындығында, түрмені түзеу үшін салады. Сотталушы жазасын өтейтін мекемеге түскен күннен бастап оны бостандыққа дайындайды. Ал жазасын өтеушілерді түзеу үшін нақты қандай іс-шаралар жүргізіледі? Жалпы, Қазақстандағы қазіргі түрменің жағдайы қандай? Осы біз түрмедегі жазасын өтеушілер туралы не білеміз?
Қазіргі уақытта елімізде 80 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бар, оның 16-ы – тергеу изоляторлары, 6-ы – әйелдерге арналған мекемелер (кәмелетке толмаған қыздар да), 1-і – кәмелетке толмаған ер балаларға арналған, 18-і – қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер (қатаң режимі), 5-і – төтенше қауіпсіз мекемелер (ерекше режимі). Солардың бірі қатаң режимдегі Қызылорда қаласының ЗК 169/5 жазасын өтеу мекемесі болып отыр. Аталмыш мекемеде жазасын өтеуші Сырымбетов Әлішердің 27-ші мамыр күні жазған «Өлім хаты» біздің редакциямызға келіп түскен болатын.
Сотталушының айтуынша, осыдан біршама уақыт бұрын мекеме басшысының орынбасары қызметінде болған Маханов Ерліктен қысым көргендігі жайында облыстық прокуратураға арыз-шағым түсірген екен. Алайда, талап-арыз қаралып, тиісті жұмыстар атқарылып, қызметтен босатқандығын жеткізді.
«Қазіргі таңда Маханов 4-5 ай өткеннен кейін қайта жұмысына оралып, сол уақытта болған жағдайды айтып, қайта қорқытуын жалғастыруда.
Сол себепті қазіргі таңда менің жеке бас қауіпсіздігіме Маханов Е. мырзадан қауіп төніп тұр. Яғни маған денсаулығыма зиян келтіру арқылы өлімге итермелеуде.»,-деп жазған хатында Сырымбетов Әлішер.
Сол себепті қазіргі таңда менің жеке бас қауіпсіздігіме Маханов Е. мырзадан қауіп төніп тұр. Яғни маған денсаулығыма зиян келтіру арқылы өлімге итермелеуде.»,-деп жазған хатында Сырымбетов Әлішер.
Мекеме өкілінің сөзінше, сотталушылар арасында түрлі құқықбұзушылықтар болып тұрады. Бұл тұрғыда мекеме басшысының орынбасары:
«Біз орын алған жағдай бойынша, арнайы тіркеуге алғанбыз. Қалалық медициналық көмек көрсетілді. Сотталушының өзі мекеме ішілік емдеуге жатудан бас тартты. Ал, Сырымбетовке арнайы қысым жасалмағандығын жеткіземін. Біздің мекемеде 830 жазасын өтеуші бар. Тәртіп бәріне ортақ, ішкі тәртіп ережелеріне бағынбаудың бір түрі болып отыр. Әкімшілік талапқа бағынбағаны үшін де қылмыстық жаза қаралады.Сырымбетовтың эпилепсиялық, психикалық ауытқуы бар. »,- дейді Жарас Әуезханұлы.
Ал, Әлішердің жары Заринаның айтуынша, бұрын соңды сотты болған жолдасы басқа қалада жазасын өтеген күндері де дәл бұндай әрекетке бармағандығын айтып әлек.
«Мен Әлішердің бұндай бассыздыққа бармайтындығын білемін. Ол алғаш рет жазасын өтеп отырған жоқ. Ішкі тәртіпті жақсы біледі. Тепсе темір үзетін, денсаулығында кінәраты жоқ адам. Мекемеде қызмет жасайтын Маханов Ерліктің тарапынан қоқан-лоқы көріп отыр. Мен онымен 3 айда 1 рет кездесуге барамын. Ол сол кезде барлық жағдайды баяндап береді.»,- дейді Зарина.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, әкімшілік тәртіпке бағынбау дегеніміз күн тәртібін бұзу, тыйым салынған заттарды сақтау, істеу немесе біреуге беру, т.б. Мұндай құқықбұзушылықтар әр жасақтағы тінту кезінде анықталады. Расталған жағдайда мекеме ережесіне сәйкес сотталушыға шара қолданылады. Сондықтан сотталушылар түрлі шараларға барып, тәртіпке бағынбаудың түрлі жолдарын қарастырады-мыс.
Алайда, әлеуметтік желіде осыдан екі ай бұрын бір емес екі бірдей сотталушының Маханов Ерліктен қысым көргендігін айтып YOUTUBE арнасына жариялаған.
Тіпті, жазасын өтеуші жандардың бірі өзінің жарақатын, сол жақ бүйрек тұсына зақым келтірілген кезінде түсіргендігін аңғаруға болады.
Десек те, бір емес бірнеше жанның тағдыры таразы басында тұрғанда құзіретті орган қызметкерлері тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізу керек секілді. Себебі бауырларының тағдырына алаңдаған жандар Әлішердің өміріне араша сұрап, жоғары билік пен облыстық және қалалық прокуратураның араласуын сұрап отыр.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
фотожурналист ДИНАРА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ