Төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің ағасы ұсталды

852

Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті пара берді деген күдікпен бес балалар спорт мектебінің директорларын ұстады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Ұсталғандардың арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Илья Ильиннің ағасы да бар.

Былтыр облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 6 миллион теңге пара алу кезінде Қызылорда қалалық прокуратурасына қарасты қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Алихан Базарбаев ұсталған болатын. Тергеу 6 миллион теңгені өңірдегі бес балалар спорт мектебінің директорлары жинап бергенін анықтады. Олар ақшаны прокуратурадан мектептің жұмысы бойынша оң қорытынды алу үшін берген. Сот пара алған прокурор сотталып, пара берген бес директорды да қылмыстық жауапкершілікке тартуға үкім шығарды.

"Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин велосипед спорты бойынша олимпиадалық резервтің облыстық балаларға арналған мамандандырылған №3 мектептің директоры болып жұмыс істейді. 16 ақпанда барлық бес күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ертең сот оларға қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау туралы шешім шығарады",деп жазды өзінің  Telegram-каналына журналист Михаил Козачков.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.