Көңіл күйін сылтау еткен ер адам қызға қол жұмсаған
Алматы тұрғыны көшеде өзіне бейтаныс жігіттің шабуыл жасап, ұрып кеткенін айтты. Қала полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22-үй маңында, CU-дың жанынан өтіп бара жатқанмын. Мына жігіт мені қатты ұрып, қашып кетті. Мұны бір әйел көріп, арыз жазу керегін айтты. Мұны көрген жігіт қайта келіп "Көңіл-күйім болмады, ашуымды біреуден алуым керек болды” деген. Содан кейін артымнан қалмай еріп жүріп, суретін өшіруімді сұрады. Егер өшірсем, ақша беретінін айтты. Жылап, аялдамаға қарай кеттім, өйткені ол менің артымнан ере берді”, – деп жазды ол.
Аялдамада әйел қыздан “көмек керек пе” деп сұраған. Болған жағдайды баяндаған соң ол полиция шақыруды ұсынған. Алайда әлгі жігіт қашып кеткен.
Бұл жазбаға Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдірді.
"Аталған дерек Бостандық аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтауға және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", – деп жауап берді полиция департаменті.
Қаз
Рус






