"Еденде жаттық". Ақтау әуежайында жолаушылар шу шығарды

2 271

Фото: коллажАқтау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясының Ақтау – Алматы рейсі жолаушылары ұшқыштың жоқтығына байланысты түнді әуежайда өткізгенін айтып, шағымданды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұшқыштың жоқтығынан рейсті күтіп қалған FlyArystan жолаушылары компания тарапынан еш жағдай жасалмағанына шағымданды.

"Алты сағат еденде, чемодандардың үстінде жатырмыз! Қатты суық, көрпе де жоқ, ақпарат та жоқ. Миллиардтаған табыс табатын компания, ал жағдай жертөледегідей!" – деп ашуланды жолаушылардың бірі.

Жолаушылар шу шығарған соң оқиға орнына полиция қызметкерлері де барған.

FS 7178 Ақтау – Алматы рейсі 6 шілде күні сағат 02:05-те ұшуға тиіс болған, бірақ алдымен 06:45-ке, кейін мүлде 22:30-ға ауыстырылған.