Жетім балалардан 12 миллион теңге ұрлаған директор 4 жылға сотталды
245
12 миллион теңге бюджет қаржысын ұрлау фактісі бойынша ШҚО жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры А.Базархановаға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұдан басқа, А.Базарханова интернат қызметкерлеріне "қосымша жұмыс істеді" деп ақы аударып, оны да өзі алып отырған. Ал шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған.
Бұдан басқа, А.Базарханова интернат қызметкерлеріне "қосымша жұмыс істеді" деп ақы аударып, оны да өзі алып отырған. Ал шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған.
Сонымен қатар, А.Базарханова өзінің танысына қарызын қайтару үшін оның жұбайын жұмысқа тіркеп қойып, 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан-таражға салған.
Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы А.Базарханова өз кінәсін мойындап, шығынды толық қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.