Жетім балалардан 12 миллион теңге ұрлаған директор 4 жылға сотталды

258

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

12 миллион теңге бюджет қаржысын ұрлау фактісі бойынша ШҚО жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры А.Базархановаға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

А.Базарханова 2013 — 2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақшаны ұрлап, сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған.

Бұдан басқа, А.Базарханова интернат қызметкерлеріне "қосымша жұмыс істеді" деп ақы аударып, оны да өзі алып отырған. Ал шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған.

Сонымен қатар, А.Базарханова өзінің танысына қарызын қайтару үшін оның жұбайын жұмысқа тіркеп қойып, 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан-таражға салған.

Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы А.Базарханова өз кінәсін мойындап, шығынды толық қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.