Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы әуежайында адам өліміне әкелген жазатайым оқиға болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Не белгілі?
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазір болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Редакция әуежайдың баспасөз қызметіне де хабарласқан. Алайда материал жарияланған сәтте ресми түсінік бермеді.
Қаз
Рус






