ШҚО-да сыбайлас жемқорлық жайлы хабар берген адам 4 млн теңге сыйақы алды

292

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға 4 млн теңге сыйақы берілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жемқорлық фактісі жайлы хабарлаған азаматтарға сыйақы беріліп жатыр.

«Қазіргі уақытта параның немесе мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері 1000 АЕК-тен аспайтын сыбайлас жемқорлық туралы хабар берген адамға 100 АЕК-ке дейін сыйақы белгіленеді. Ал пара көлемі 1000 АЕК-тен асса, оған сол соманың 10 пайызы (бірақ 4000 АЕК-тен аспайды) беріледі. Жыл басынан бері облыста осындай фактілер жайлы хабарлаған 6 адам сыйақы алған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, сыйақының ең жоғары мөлшері 4 млн теңгені құраса, ең төменгісі – 138 900 теңге.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.