Алматылық тұрғын әйелін аяусыз өлтірген

449

Әйелін аяусыз ұрып-соғып, қабырғаларын сындырған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Үлкен Алматы арнасы маңындағы зауытта жұмыс жасайтын Мұрат Юсупов , сол күні азанғы уақытта өзенге келіпті. Зауытқа қарай аққан суды бөгемек болған.

“Басы судың ішінде жатыр. Денесі мен аяғы судан шығып тұр. Дереу мәйіт екенін білдім. Үстінде іш киім ғана болды. Түрін көрмедім. Әйелді көрген кезде шошып кеттім. Полицияны шақырдым.”, – дейді ол. 

Полиция тергеу кезінде марқұмның жеке тұлғасын анықтаған. 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екен. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен азаматшаның күйеуі қамауға алынды. Ол жайсыз жайттың ұрыс-керістен басталғанын айтқан. Кейін аяусыз соққыға жығып, қылмысын жасырып қалмақ ойы болғанын мойындады. 

Қамауда отырған күдіктіге қатысты, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастап кеткен.  "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу" бабымен іс қаралуда. Күйеуінің кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.