Нұр-Сұлтан - Лондон әуе рейсі жаңартылды

324
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына тікелей рейстер 2021 жылдың 18 қыркүйегінен бастап қайта басталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Air Astana компаниясының мәліметінше, ұшақтар Ұлыбританияға аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі ұшады. Нұр-Сұлтан - Лондон рейсіндегі ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минутты, кері қайту ұзақтығы 6 сағат 30 минутты құрайды.

Рейстер A321LR алыс магистральды лайнерде орындалады. Эконом-кластың базалық тарифі барлық жарнаны қоса алғанда, екі жаққа да 284 535 теңгеден басталады.

"Ұлыбританияға сапар шегетін жолаушыларға вакциналау мәртебесіне және азаматтығына қарамастан коронавирус инфекциясына теріс нәтижесі бар ПТР-талдау туралы анықтама қажет. ПТР-тест ұшудан үш күн бұрын жасалып, Ұлыбританияның талаптарына қатаң сәйкес келуі керек", - делінген әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметінің хабарламасында.