Қызылордада суға батып бара жатқан қыз құтқарылды

1 554

Фото: видеодан скриншотҚызылорда облысында ТЖМ қызметкері суға батып бара жатқан қызды құтқарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, кеше Сырдария өзеніндегі Қармақшы ауданында бөлімше командирі, құтқарушы Шәкизат Әлқуат суға батып бара жатқан жерінен 2002 жылы туған қызды алып шықққан. Қазір қыздың жағдайы тұрақты, ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.


ТЖМ барлық азаматтарды суға түсу ережелерін сақтауға шақырады.


ТЖМ суда қауіпсіздік ережелерін еске салады:

  • суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
  • қалқымалардан асып жүзуге болмайды;
  • мас күйінде суға түспеңіз;
  • су көліктеріне жақын жүзбеңіз;
  • тәуліктің қараңғы мезгілінде шомылмаңыз;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.