Қираған үйдің үйіндісінен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған
Абай облысында үйінді астынан ерлі-зайыптының денесі табылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Курчатов қаласында ерлі-зайыптының үйінді астында қалып қойған, оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған. 14-ші наурыз күні құрылысы жүріп жатқан дәмхананың қабырғасының бір бөлігі опырылып түскен.
“Құрылысы жүріп жатқан “Арбат” кафесінің қабырғасының бір бөлігі құлады. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына келіп, қирандылар астынан екі адамның денесін шығарған кезде де дәмханада музыка ойнап тұрған. Адамдарың қаза тапқанынан қарамастан іс-шара тоқтамаған. Абай өңірінің тұрғындары мұны арсыздық деп атады”, – делінген хабарламада.
Абай облысының полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдірген.







