Қарағандыдағы Осакаров ауданына тарихи атауы қайтарылады

401

Фото: Қарағанды облысында ОсакаровҚарағанды облысында Осакаров ауданы атауы Сарыбел деп өзгертіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жергілікті тұрғындар 20 жылдан бері Сарыбел деген тарихи атауды қайтару мәселесін көтеріп келген.

“Бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия бірауыздан оң шешім қабылдады", делінген хабарламада.


Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің қаланың жаңа ауданына Тұран атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік нысандардың атын өзгерту және оларға атау беру туралы ұсынысқа комиссия мүшелері оң қорытынды жасаған.

"Ономастика мәселелерінің әлеуметтік мәні зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірқатар маңызды шешімдер қабылдады, олар бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескереді", – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.