Қазақстандық кәсіпкер ірі америкалық бренд белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды
Жамбыл облысында кәсіпкер АҚШ-тың New Balance танымал брендінің тауар белгісін заңсыз пайдаланған. Компания кәсіпкерді сотқа берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Деректерге сүйенсек, кәсіпкер тауар белгісімен онлайн дүкендер арқылы сауда жүргізген. Компания өз тауарларының белгісін заңсыз пайдалану фактісін анықтап, сотқа жүгінді.
Талапкер сотқа фискалдық чек, фото, сондай-ақ сатып алудың бейнежазбасын берді. Бұл жауапкердің контрафактілік тауарды сату фактісін растады.
Сот тараптарды татуластыру шараларын қабылдады. Кейін тараптар бітімгершілік келісімге келді.
Талапкер 296 мың теңге өтемақы сомасынан бас тартты. Анықтама заңды күшіне енді.
New Balance – АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Бостон қаласында орналасқан спорттық киім желісінің өндірушісі.