Бір қой, бір ешкі ұрлап 5 жылға сотталды

1 179

Фото: pixabay.comАбай облысында өз әпкесінің малын ұрлаған қылмыскерге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ІІМ-нің мәліметінше, Абай облысының тұрғыны қорағы малды түгендеу кезінде қорада бір қой, бір ешкі жоқ екенін білген. Кейіннен малды оның екі туысы ұрлағаны анықталды. Олардың бірі жәбірленушінің сіңлісі болып шықты.

Сот оларды кінәлі деп танып, әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталғандар жазасын өтеу үшін Семейдегі қауіпсіздігі ең төмен түзеу мекемесіне жіберілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.