Қалалық полиция бастығы жұмыс орнында қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деп күдікке ілінді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Күштібаев өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жетісу облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды. 2019 жылы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Күштібаевты қол астындағы қызметкерлерін боқтағаны үшін Алматы облыстық полиция қызметінің басшысы қызметінен босатқан.
Қаз
Рус






