Қалалық полиция бастығы жұмыс орнында қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

1 889

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деп күдікке ілінді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Күштібаев өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жетісу облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. 


“Талдықорған қалалық полициясының басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 27 жастағы облыс орталығының тұрғынын зорлады деген күдікке ілінген. Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі “Қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі зорлық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мән-жайлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындаумен зерделенеді”, – деп мәлімдеді ПД.

Тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды. 2019 жылы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Күштібаевты қол астындағы қызметкерлерін боқтағаны үшін Алматы облыстық полиция қызметінің басшысы қызметінен босатқан.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.