Мас күйінде көлік жүргізген депутат 15 тәулікке қамалды

1 451

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мас күйінде көлік жүргізген ақтөбелік депутат ұсталды, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі.

 

Депутат Lexus маркалы көлікті мас күйде басқарып, жол ережесін бұзған.

53 жастағы әйелге полицейлер ӘҚБтК - нің 596-бабының 3-бөлігі бойынша қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігінің жағына шыққаны үшін, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін екі хаттама толтырған. 

 

Жиналған материал заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді. Оқиға 5 қыркүйекте болған. Ол ауруханада болғандықтан, жазасын әлі өтемеді.

 

Құқық қорғау органдары мас күйінде көлік жүргені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылғанын еске салды.

 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.