Аймақ басшысы мәжіліс депутатымен кездесті
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты Гаухар Танашевамен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кездесуде өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Аймақ басшысы атқарушы органдар саяси ұйымдармен тығыз жұмыс жасап, олардың бастамаларына әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті.
2022 жылы өңір өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша республикада 11-орында болса, өткен жылы 1-орынға көтерілді.
Мемлекеттің ерекше қолдауы құрылыс саласының дамуына жаңа қарқын қосты. Өткен жылға бөлінген қаржы 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есе артып, 87,1 млрд. теңге болған еді. Биылға қаралған қаржы бұрын-соңды бұл салада болмаған деңгейге, яғни 119,3 млрд. теңгеге жетті. Осы сияқты әр саладағы серпінді жұмыстар тоқтаусыз жүргізіле береді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Гаухар Шаймерденқызы облыс басшысының бастамаларына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бүгінде атқарушы органдар саяси партиялармен, оның ішінде «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалымен тығыз байланыста. Филиалға 6 мыңнан астам адам тіркелген. Облыстық мәслихатқа «Қазақстан Халық партиясынан» 1 депутат сайланды.