Алматы облысында атымен бірге суға батып кеткен шопанның денесі табылды

280

Алматы облысындағы Талғар ауданында жылқысымен бірге суға батып кеткен 53 жастағы шопанның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


"Талғар ауданында 1 тамыз күні Еңбекші ауылының маңындағы су арнасынан жылқымен шабандоздың мәйіті табылды. Қайтыс болған ер адам мал бағумен айналысқан 53 жастағы жергілікті тұрғын. Жәбірленушінің денесінен зорлық-зомбылық пен өлім белгілері табылмады", - делінген хабарламада.


Белгілі болғандай, жылқысы бар адамды су ағыны алып кеткен. Бұл факт ресми түрде жазатайым оқиға ретінде тіркелген. Ведомство шопанның өлімінің барлық мән-жайын нақтырақ анықтау үшін шаралар қабылданылып жатқанын қосты.