Сырдарияда "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда

1 503

Бүгінгі күні Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан автомобиль жолдарын жөндеу, газдандыру, электрмен қамту, ауыз-су мұнараларын орнату, Тереңөзек кенті және елді мекендерге жол үсті таңбаларын сызу, жол белгілерін орнату, кентішілік бағдаршам құрылғысын күтіп ұстау,тұрғын-үй кезектілігі мен тасымал қызметтерін ұйымдастыру бойынша  жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл жайында бөлім басшысы А.Ержанов айтып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Автомобиль жолдары бойынша осы күні «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 3 жобаға 641,6 млн теңге, аудандық  бюджеттен 1 жобаға 247,0 млн теңге, барлығы 888,6 млн теңге  қаржы қаралған.


Жоба құны 299,8 млн тг құрайтын Қоғалыкөл елді мекеніндегі  6 көшені күрделі жөндеу бойынша  мердігер мекемемен 5 көшеге асфальт жабындысы төселген. Қазіргі таңда Шымбай көшесін асфальттауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Яғни ауылдағы Мақсұм, Құнанбаев, Айзунов, Есмахов, Шымбай, Майқанова көшелері – "Қызылорда Жолдары" ЖШС, техникалық қадағалаушы - "SD ПРОЕКТ Консалтинг" ЖШС, игерілген қаржы  199,6 млн тг.


Жоба құны 188,5 млн теңге құрайтын С.Сейфуллин елді мекеніндегі көшелерін күрделі жөндеу жобасы бойынша мердігер мекемемен  6 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Асфальт жабындысы мамыр айының 10-нан кейін төсеу жоспарлануда. С.Сейфуллиндегі Қосбармақұлы, Бәйтен батыр, Шортанбай би, Аханов, Сәрке батыр, Қарлыбай "Орда Автодор" ЖШС, техникалық қадағалаушы - "Qazaqstan Expert” ЖШС игерілген қаржы  81,7 млн тг.


Жоба құны 153,2 млн теңге  құрайтын Қалжан ахун елді мекеніндегі Қайқы батыр көшесін күрделі жөндеу жобасы бойынша асфальт жабындысы толығымен төселді, қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолына асфальт жабындысы төселуде.  "Орда Автодор" ЖШС, техникалық қадағалаушы – "Qazaqstan Expert” ЖШС игерілген қаржы  129,4 млн тг.


Жоба құны 247,0 млн теңге құрайтын Тереңөзек кенті көшелерін күрделі жөндеу жобасына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.


Ұсынылған жобалар бойынша:

Бүгінгі күні 2025 жылға Сәкен Сейфуллин елді мекенінде 3 көше Байназарұлы, Арықұлы, Әбілдаұлы, Шіркейлі елді мекенінде Жақыпов көшесін күрделі жөндеу және Ақжарма елді мекенінде Ысқақов көшесін орташа жөндеу жобалары бойынша барлығы 4 жобаға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 357,9 млн теңгеге бюжеттік өтінім өткізілді.


Сонымен қатар, жоба құны 571,6 млн теңгені құрайтын аудандық маңызы бар "Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі" автомобиль жолының 10,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына 2025 жылға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаржыландыруға өтінім ұсынылды.


Қазіргі таңда  5 елді мекендер бойынша атап айтқанда С.Сейфуллин, Шаған, Айдарлы, Іңкәрдария, Шіркейлі ауылдық округтеріндегі 14 көшені күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 21,6 шақырым жолға жоба әзірленуде. Қазіргі таңда Айдарлы, С.Сейфуллин, Шаған елді мекендерінің жобалары дайындалып, сараптамадан өткізілуде.


Сонымен қатар елді мекендерді газдандыру саласы бойынша:


Жоба құны – 514,8 млн. теңгені құрайтын А.Тоқмағанбетов елді мекенін газдандыру бойынша (келісім-шарт құны – 488,5 млн.теңге) 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге, 2024 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 28,8 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге барлығы 22,8 шақырым газ құбырлары тартылып, қазіргі таңда газ құбырларына тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны толық аяқтауға РБ – 339,7 млн. теңгені қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы ҚР Энергетика министрлігіне  2024 жылға өтінім ұсынылды.


Жоба құны – 447,5 млн теңгені құрайтын Сейфуллин елді мекенін газдандыру бойынша (келісім-шарт құны- 424,6 млн.теңге) 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге, 2024 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 100,0  млн. теңге, облыстық бюджеттен 22,2 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге барлығы 24,5 км газ құбыры тартылып, жер астынан көлденең бұрғылау әдісімен (ГНБ) газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.        Жобаны толық аяқтауға РБ – 332,2 млн. теңгені қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы ҚР Энергетика министрлігіне  2024 жылға өтінім ұсынылды.


Жобаның құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу» жобасына 2024 жылға республикалық бюджеттен 100,0 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемелерді анықтау мақсатында, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.


Газдандыру бойынша ұсынылған жобалар бойынша:    

1) Жоба құны – 661,4 млн теңгені құрайтын Н. Ілиясов елді мекенін газдандыру жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 2024 жылға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.                             
2) Жоба құны – 1,8 млрд теңгені құрайтын Ақжарма елді мекенін газдандыру жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2025 жылға бюджеттік өтінім ұсынылды.          


Электрмен қамту саласы бойынша:

Жоба құны 1,1 млрд. теңгені құрайтын Шаған ауылдық округінің тұрғын аймақтарын электрмен қамту жобасына  2023 жылға 227,3 млн. теңге, 2024 жылы 865,6 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме арқылы  бүгінгі күні жоба бойынша ВЛ-10 КВ желісі және ВЛ-0,4 КВ желілері толығымен жүргізіліп, 21 КТПН орнатылды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге электр желілері тарту жұмыстары жүргізілуде.


Анықтама ретінде: «Энергомера» ЖШС-гі, техникалық қадағалаушы Нурай – Сервис» ЖШС  игерілген қаржы 746,6 млн тг.


Ауыз - су саласы бойынша:

2024 жылға Қоғалыкөл, Н. Ілиясов, Шіркейлі, Аманкелді  елді мекендеріне 4 дана су мұнарасын сатып алуға (25 м3)  жергілікті бюджеттен  21,6 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемені анықтау мақсатында, мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда.


Сонымен қатар жоба құны – 446,8 млн теңгені құрайтын барлау пайдалану ұңғымаларын бұрғылау жобасы бойынша 155,5 млн тг қаржыға С.Сейфуллин, Іңкәрдария елді мекендерінің жобасы аудандық бюджетке, Тереңөзек кенті, Қоғалыкөл, Шаған елді мекендері бойынша 213,0 млн теңгеге республикалық бюджетке қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2024 жылға өтінім ұсынылды.


Көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бойынша:


Тереңөзек кентіндегі Жеңістің 50 жылдығы көшесіндегі №19, екі қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына және Тереңөзек кентіндегі А.Иманов көшесіндегі №37, №25, № 31 қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 44,2 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемелермен келісім шарт жасалынды. Дегенмен, облыстық энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің келісім шарттары облысқа келмегендіктен жұмыстар әзірге басталмай тұр.


Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі бойынша:

Тереңөзек кенті және елді мекендерге жол үсті таңбаларын сызу, жол белгілерін орнату бойынша жоба құны 20,0 млн теңге болатын жоба әзірленіп, қазіргі таңда мердігер мекемемен келісім шарт жасалынды. Аталған жоба бойынша жол үсті таңабаларын сыздыру, 220 дана жол белгілерін қою, 120 дана жол белгілерінің ауыстыру, кент және елді мекен көшелерінде 120 ПМ жасанды бұдырлық орнату жұмыстары жүргізілетін болады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан түрғын үйге мұқтаж азаматардың есебін жүргізу және мемлекеттік тұрғын үй қорынан түрғын үй беру  қызметі саласы бойынша:


2023 жылы коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу» бағдарламасы бойынша Тереңөзек кентінде салынған 40 тұрғын үйлерді кезектілікке сәйкес 80 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына пайдалануға берілді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде бүгінгі күнге, барлығы 525 азамат тұрғын үй кезектілігіне алынған. Оның ішінде, «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты» бойынша 195,


Көп балалы отбасылар санаты бойынша – 147;

«Мемлекеттік қызметшілермен бюджеттік ұйымның қызметкерлері санаты» бойынша 111;


«Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 34;        «Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты жағдайда деп танылған азаматтар» санаты бойынша 38.


Жайлы мектеп жобасы бойынша:

Жайлы мектеп жобасы бойынша Тереңөзек кентінде 300 орындық мектеп құрылысы енгізілген. Жобаның үйлестірушісі "Samruk-Kazyna Construction"АҚ. Осы ретте, мектеп құрылысы үшін жер учаскесін сәйкестендіру мақсатында «Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» 02.11.2023 жылы  аудан әкімдігінің №281 қаулысы қабылданып бүгінгі күні аталған қаулыға сәйкес Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі бойынан 36 меншік иесінен жер учаскесі және өзге де жылжымайтын мүліктері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге аудандық бюджеттен 279,6 млн теңге қаржы бөлініп, 31 тұрғындармен келісім шарт жасалып, 93.3 млн теңге игеріліп, қазіргі таңда тұрғын үйлер бұзылуда.


2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымының дайындығы туралы:

Аудан әкімінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі №76 өкімімен 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде аудандық штаб құрылып, тиісті іс-шаралар бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Сырдария ауданы бойынша 80 әлеуметтік нысандар бар. Оның ішінде, білім беру саласында– 36 (17 –сұйық отын, 8–қатты отын, 11 –газ), денсаулық сақтау – 17 (1-сұйық отын, 12-қатты отын, 4 - газ), мәдениет және спорт саласында – 27 нысан (15 – сұйық отын, 5 – қатты отын, 7 - газ). 2025 жылдың 1 қантарына дейін әлеуметтік нысандарға қажетті сұйық және қатты отын сатып алуға 244,4 млн теңге бөлінген. Оның ішінде, 796,8 тн сұйық отынға 224,3 млн теңге, 1323,5 тн қатты отынға 20,1 млн теңге бөлініп, тасымалдаушылармен шарттар жасалынды. Әлеуметтік нысандарда қазіргі таңда 129 тн қатты отын және 109 тн сұйық отын қоры бар. Әлеуметтік нысандарға қатты отын тасымалдау тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі. Сондай ақ сұйық отын қойманың сйымдылығына байланысты жеткізіледі.


Аудан көлеміндегі негізгі 1 көмір тасымалдаумен айналысатын «Нұрдаулет» кәсіпкерлермен жылу маусымында тұрғындарға қажетті 15000 мың тн көмір жеткізуге және тиімді бағамен сатуға меморандум жасалды. Сонымен қатар облыс орталығына жақын орналасқан (Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл) тұрғындары Қызылорда қаласынан тасымалдайды.