Қария екі мәйітті екі жыл бойы үйінде сақтаған

1 520

Фото: t.me/syrymitkulovПавлодар облысында қария екі мәйітті бал және маймен өңдеп, екі жыл бойы үйінде сақтаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Мәйіттерді полиция қызметкерлері тапқан. Тексеріс жүргізуге отбасы мүшелерінің бірінің ұзақ уақыт бойы дәрігердің қабылдауына келмеуі себеп болған. Сондай-ақ туыстары полицияны үйге кіргізуден бас тартқан.

Марқұмдардың мәйіттері екі үй орналасқан ауладан табылған. Үйлердің бірінде қария алты жасар қызбен бірге тұрған.

Қыз бала Майқайың кентіндегі ауруханаға жеткізілді. Баланы Екібастұз қаласындағы “Үміт” қолдау орталығына орналастыру жоспарланған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіттер қарияның күйеуі мен қызына (алты жасар қыздың анасы) тиесілі болуы мүмкін.

Қария екі жыл бұрын оларды жерлеудің орнына, мәйіттерді үйде қалдырып, шіруден сақтау мақсатында бал және маймен өңдеуді бастаған. Ол бұл әрекеттерге алты жасар немересін де тартқан көрінеді.

Полиция аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

“Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайларын объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – делінген Павлодар облысы полиция департаментінің хабарламасында.


 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.