CS2 және Dota 2 ойнауға тыйым салынды

1 738

Фото: CS strike/DotaҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымына Counter-Strike 2, Dota 2, GTA, League of Legends, Minecraft және Genshin Impact сияқты бірқатар ойындарды ойнауға тыйым салды,-деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылмандарға Counter-Strike 2, Dota 2, GTA, League Of Legends, Minecraft және genshin Impact сияқты ойындарды ойнауға тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Курсив сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМДБ зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, соғыс, құдайға қарсы немесе дінді мазақ ету көріністерін қамтитын барлық ойынға қатаң тыйым салынғанын атап өтті. Сондай-ақ ойында құмарлық болмау керек дейді.

"Ойында құмар ойын элементтері болмауы керек. Құранда "Уа, Аллаға сенгендер! Мас ететін сусындар, құмар ойындар, пұт – бұл шайтанның істері. Одан аулақ болыңыз!” делінген.("Әл-Маида" сүресі, 90-аят)", – деп түсіндірді мүфтият.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.