Арал теңізінің тартылған аумағына сексеуіл отырғызыла бастады
325
Арал теңізінің тартылған аумағына сексеуіл отырғызыла бастады. Бұрын теңіз табаны болған аумаққа 12 мың көшет егу көзделіп отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Биылдан бастап 250 мың гектар аумаққа сексеуіл отырғызу жоспарланған.
2025 жылға дейін теңіз табанына 1 миллион 100 тал құмға жерсінген көшет отырғызылмақ.
Сексеуіл маңайдағы құмның көшуіне бөгет болып, елді мекендерді сақтайды. Теңіздің құрғаған аумағы 4 миллион гектардан асады. Одан шығатын шаң мен тұздың зардабын Арал және Қазалы аудандарының тұрғындары тартып отыр.
Жалпы, Арал теңізінің құрғаған табанын жасыл желекке айналдыру іс-шаралары 2000 жылдары басталған. Сол уақыттан бері 200 мың гектар жерге сексеуіл егілген. Табиғи өсудің арқасында қазір оның көлемі 400 мың гектарға жетіп отыр.

"250 мың гектарға сексеуіл отырғызу оңай жұмыс емес. Ауа райының желді болуынан құмға сексеуілдің көшеттерін отырғызу оңайға соғып жатқан жоқ. Өңірде 8 орман шаруашылығы мекемесі бар. Күзде теңіздің құрғаған ұлтанына сексеуіл тұқымын себу үшін осы мекемелер жұмылдырылады", — дейді Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Ардақ Кәдір.