Ер адам баласының көзінше әйелін соққыға жыққан

1 600

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде тағы бір зорлық-зомбылық түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кадрлардан ер адамның әйелін ұрып соққанын және дәл сол жерде баланың жатқанын көруге болады. Оқиғаның Алматы облысында болғаны анықталды. 


“Аталған дерек Қарасай ауданы полиция департаментінде қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында 1979 жылы туған ер азамат анықталды. Қазір жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажет тергеу әрекеті жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген хабарламада. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.