18 жастағы студенттер есірткі сатумен айналысқан

493

Абай облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сатты деген күдікпен жергілікті колледждердің 18 жастағы үш студентін ұстады деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Күдіктілер Telegram арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып Семей қаласының аумағында таратып келген.


«Тінту шараларын жүргізу кезінде «сатушылардан» полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншектері тәркіленді. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ Альфа-PVP синтетикалық есірткісі болып шықты», – делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Полицейлердің мәлімдеуінше, аса ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


«Айыпталушылар Семей қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал», – деді баспасөз қызметі.


Семейде есірткі сатып келген колледж студенттері ұсталды

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.