Мемлекеттік мекеме бір келі макаронға 17 миллион теңге төлемек болды

244
Петропавл қаласында орналасқан Әлеуметтік бейімдеу орталығы бір келі макаронды 17 миллионға сатып алмақ болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

  Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған күдікті лот Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің назарын аудартқан. Соның арқасында мемлекеттік мекеме 250 теңге тұратын кәдімгі макаронды місе тұтуына тура келген.

Ақжар ауданының ауылдық әкімдігі бір тонна көмірді 933 мың теңгеге сатып алмақ болыпты. Енді олар бағаны қайта қарастырып отыр.

Жыл басынан бері аталған өңірде сатып алу бағасын тым шарықтатып жіберудің 32 дерегі анықталып, бюджеттің 600 млн. теңгесі үнемделген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.