Қазақстандық каскадерлер Голливуд актерімен фильмге түсті

313
Қазақстандық Nomad Stunts тобының каскадерлері Голливуд актері Сэмюэл Л.Джексонмен бірге фильмге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Киллер кодексі" фильмінің көрсетілімі бүкіл әлемде өтеде. Онда Сэмюэл Л. Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайды. Сонымен қатар, фильмге қазақстандық Nomad Stunts тобының 10 каскадері қатысқан.

Фильм режиссері - "Казино Рояль", "Маска Зорро", "Иностранец" фильмдеріндегі жұмысымен танымал Мартин Кэмпбелл.

"Түсірілімге қатысу туралы ұсыныс 2019 жылдың соңында түсті. Біз каскадерлерді таңдадық - фильм үйлестірушісі мен режиссер сұранысына сәйкес келетін сегіз жігіт пен екі қыз. 2020 жылғы ақпанда Румынияда болған түсірілімге біздің каскадерлер ұшып барды. Жалпы олар онда шамамен екі ай болды. Бір ай дайындыққа, монтажға, жаттығуларға, екіншісі - түсірілімге жұмсалды", - деді Nomad Stunts халықаралық каскадерлар тобының негізін қалаушы және жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғұжинов.

 Nomad Stunts каскадерлері тек түсірілімге қатысып қана қоймай, кейіпкерлерді дубляждап, сонымен қатар эпизодтық көріністерге актер ретінде қатысқан. 

Nomad Stunts каскадерлері тек түсірілімге қатысып қана қоймай, кейіпкерлерді дубляждап, сонымен қатар эпизодтық көріністерге актер ретінде қатысқан.

Nomad Stunts халықаралық кәсіби каскадерлер тобын 2000 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов құрған. Каскадерлер Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен бірлесіп жұмыс жасайды. Олардың фильм қоржынында "47 ронинов", "Неудержимые 2", "Путь домой" жобасы және Netflix және HBO сериялдары бар.