Жамбыл облысындағы өрттен қаза тапқан он бесінші адамның кім екені анықталды

367
Жамбыл облысындағы жойқын жарылыстан қаза тапқан 15-ші адамның Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері екені анықталды деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Жамбыл облысында жарылыс орнынан табылған мәйітті туыстары таныды. Ол №3 құтқару және өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирұлы болып шықты", - делінген министрліктің хабарламасында.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетіп отыр. Хабарсыз кеткен тағы бір адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.