Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасын әжетханаға кіргізіп ұрып-соққан
Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасын ұрып, денсаулығына орта деңгейде зиян келтірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқушы қатарласын әжетханаға кіргізіп ұрған. Оның ата-анасына қатысты әкімшілік жаза тағайындалды.
Оқушының ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оның ата-анасына 55048 теңге көлемінде айыппұл салды.
Қаз
Рус






