Рудныйда екі жігіт қылмыс үстінде қолға түсті

160

Фото: polisia.kzРудныйда екі ер адам қылмыс үстінде қолға түсті, деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Polisia.kz –ке сілтеме жасап.
Қостанай облысында екі ер адам металл тіректі ұрлауға тырысқанымен, қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмады.
Күзет қызметкерлері жоғары вольтты бағананы ұрлаған күдіктілерді ұстады.

«Рудный қаласында 31 және 33 жастағы ер адамдар кәсіпорындардың бірінің шаруашылық аумағына кірген. Жергілікті тұрғындар газжалынды жабдықтың көмегімен жоғары вольтты металл тіректерді кескен. Ұрлық жасау барысында оларды күзет қызметкерлері ұстады», – деді Қостанай облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Абзал Болатов.



Металл сынықтарының салмағы 750 килограмды құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.