Түрмеге қуатты сигнал жібергені үшін Beeline, Kcell мен Tele2-ге айыппұл салынды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚостанай облысының үш бірдей түзеу мекемесінде ұялы байланыс сигналы белгіленген шекті нормадан асып кеткен, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура радиожиілік қызметі мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандарымен бірлесіп, арнайы тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша «Кар-Тел» (Beeline), «Kcell» және «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2/Altel) компаниялары талапты бұзғаны анықталды.

Заң талабы қандай?

Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, байланыс операторлары түзеу мекемелерінің аумағында радиосигнал қуатын уақытылы төмендетіп, өз желілерін шектеп отыруға міндетті.

Алайда талап орындалмаған. Прокуратура енгізген қадағалау актісі негізінде уәкілетті орган үш операторды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.

Қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан сотталғандардың телефон қолдануы жиілеген.

Мәселен, прокурорлар түзеу мекемесінде отырған сотталғанның бірі телефон арқылы 4 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық қылмыс жасағанын әшкереледі. Тергеу барысында одан ұялы телефондар тәркіленіп, кінәлі тұлға қайтадан қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.