“Қаңтарда ұрланған”: Сайран көлінің маңынан қару-жарақ қоймасы табылды
260
Алматыда Сайран көлінің маңынан тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды. Бұл туралы polisia.kz жариялады.
«Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Алматы қаласы бойынша ЛА-155/13 ДУИ мекемесінің жедел тобының қызметкерлері Алмалы ауданы ӨБ жанындағы ОП қызметкерлерімен бірге Варламов көшесі, Сайран көліне қарай, батыс бағытта, құрғақ бұтақтардың астындағы бұталардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды. Анықталған орыннан 12-калибрлі екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, ПМ газ тапаншасы, сондай-ақ оқтар табылды», – деп хабарлады Алматы қаласы бойынша ЛА 155/13 ДУИС мекемесінің анықтаушысы Рахат Нұрбеков.
Алдын ала мәлімет бойынша, табылған қарулар биылғы жылдың қаңтарындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған. Оның нақты кім екені сараптамадан кейін анықталады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.