Елімізде түнгі клубтар өз жұмысын бастамақ

380

Түнгі клубтар Ashyq жүйесінде "жасыл" мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін болады- деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.


Шешім коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Сонымен қатар, әрбір санитарлық-эпидемиологиялық аймақ бойынша олар түнгі клубтардың болуына шектеулер қоймақ:


- "жасыл" аймақта - 100 адамнан аспауы тиіс;


- "сары" аймақта - 70 адамнан аспауы тиіс;


- "қызыл" аймақта - 50 адамнан аспауы тиіс.


Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылып жатыр.


"Енді Ashyq жобасының қатысушылары сағат 3.00-ге дейін, ал көшбасшы - жасыл аймақта 5.00 -ге дейін және сары аймақта сәйкесінше 1.00 және 3.00 -ге дейін жұмыс жасай алады. Біз бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына өзгеріс енгізуін күтеміз", - деді" Атамекен" басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.


Шешім Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.