Лагерде балаларға әжетханаға тазалатып, еден жуғызған
Түркістандағы Машат-Арасан лагерінде балаларға әжетхана тазалатып, еден жуғызған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Kozachkov Telegram-арнасында жекеменшік лагерде балалар әжетхананы тазалап жүрген видео жарияланды. Видео авторының сөзінше, балаларды мұндай тірлікке мәжбүрлеп жатыр. Видео авторы бұл жағдай 1 жыл бұрын болғанын айтыпты.
Түркістан облысының білім басқармасы бұл лагерде балалар "Қазақстан халқына" қоры есебінен демалатынын мәлімдеді. Олар аталмыш видеоны бақылауға алып, арнайы комиссия құрғандарын түсіндірді.
Лагерь директорының хабарлауынша, видеоны лагерде төрт күн жұмыс істеп, төрт рет ескерту алған тәлімгер жариялаған. Ол жұмыста ішкі еңбек тәртібін сақтамағаны үшін соңғы ескерту алған екен. Соған кектенді деп түсіндірді.