Қызылордада "АМАНАТ" Фракция мүшесі азаматтардың өтініштерін тыңдады

2 376

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі“AMANAT” партиясы алаңында облыстық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Рахметов Алмас Алтынбайұлы кестеге сай қоғамдық қабылдау өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Фракция мүшесінің қабылдауына келген азаматтар апатты жағдайдағы тұрғын үй мәселесі, вокалды-инструменталды ансамбльге қолдау көрсету және тұрғын үй-коммуналдық мәселелерге қатысты өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.

Өз кезегінде Алмас Алтынбайұлы айтылған мәселелер бойынша тиісті мекемелермен байланысу арқылы шешілетінін жеткізіп, оңтайлы шешілгенше бақылауында болатынын айтты.

Ансамбль жетекшісіне жас ұрпақты өнерге баулыға жасап жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, мүмкіндік шегінде көмек көрсетілетінін жеткізді.

Ауыз су мәселесі бойынша қала әкімдігіне депутаттық сауал жолданады. Сауалға берілген жауап бойынша өтініш иесіне қосымша хабар беріледі.

Тұрғын үйді ортақ мүлік ретінде тану бойынша заң нормалары айтылды. Отбасы-неке қатынастарын сақтау, заңды неке қию маңыздылығы түсіндірілді. Тұрғын үй заңдылығын қосымша түсіндіруге филиал тарапынан көмек берілетіні айтылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.