Алыс жолға шығатындар үшін «Sapar» анықтамалық қосымшасы пайда болды

198
Қазақстанда «Sapar» мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Тасжолдарды цифрландыру аясында онлайн және офлайн режимде навигациямен маршрут құру мүмкіндігін беретін «Sapar» мобильді қосымшасын іске қосты, - деп ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Sapar» республикалық маңызы бар жолмен жүретіндерге күре жолдардағы ахуал туралы ақпарат береді. Оның ішінде тасжолдардың ашық-жабық екені, айналма жол туралы ақпарат, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдар, ауа райы, ақылы жолдар туралы ақпарат болады.

Мобильді қосымшада республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат жинақталған.

Қосымшаны пайдаланушылар жол бойындағы сервис объектілері көрсететін қызметтердің сапасын бағалай алады.

Ал республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттырып, жолаушылармен кері байланысты нығайту мақсатында қосымшада ҚазАвтоЖолдың call-орталығы (1403 қысқа нөмірі бойынша) және 112 қызметіне хабарласу функциялары бар.

Қосымша PlayMarket-те қолжетімді, жақын арада AppStore-да пайда болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.