Кәмелетке толмаған қызға тиісу ісі бойынша ер адам қамалды
Астанада тұрғын үйдің лифтінде кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адам 15 - тәулікке қамалған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
2026 жылғы 12 -ші ақпанда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған. Іс “ұсақ бұзақылық” бойынша қозғалған.
Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындамай, әрекеттерінің себептерін түсіндірмеген. Ал жәбірленушінің заңды өкілі қызының үйіне мазасыз күйде оралғанын, жедел сатыда бейтаныс ер адамның тым жақын тұрғанын және лифт ішінде екеуі ғана болғанын жеткізген.
Ұсынылған дәлелдерді бағалай келе, сот азамат Б-ның кәмелетке толмағанның артына әдейі тұрып, оның жеке кеңістігі мен тыныштығын бұзған деген қорытындыға келген.
Сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды анықтады. Ауырлататын мән-жай ретінде құқық бұзушылықтың кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалуы танылған. Жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын және алдын алу мақсаттарын ескере отырып, 15-тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындаған.
Сот әкімшілік қамауға алуды қолдануға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған жоқ. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Тағы да оқыңыздар







