Түркістан облысында әйел әріптесінің телефонын сұрап, оның атынан несие рәсімдеген

284

Түркістан облысының полицейлері әріптесінің атынан миллион теңге несие рәсімдеген жас әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап. 


Алаяқтықтың құрбаны болғаны әйел полицияға шағым түсірді. Ол ұялы телефонына қарызды төлеу туралы банк хабарламасы келгенін, алайда өзі несие алмағанын мәлімдеді. 

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Созақ ауданында тұратын зардап шегушінің қызметтесі болып шықты.

Алаяқ әріптесінің телефонын сұрап, банк қосымшасы арқылы несие рәсімдеген. Қаражатты өзіне аударып, қажетіне жұмсаған. 


Күдікті ұсталды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.