Мамандар танымал Хагги Вагги құбыжық ойыншықтарының балалар үшін қауіпті екенін айтты
Мамандар қазіргі кезде балалар арасында сұранысқа ие болған Хагги Вагги ойыншығының балалар психологисына тигізер әсерінің жаман екенін айтты. Бұл құбыжық ойыншықтары бақыт гормонының төмендеуіне, психикалық ақаулар мен күйзеліс туындатады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Хагги Вагги ойыншық құбыжығы қазір балалар арасында өте танымал. Бір қарағанда қорқынышты құбыжық бейнесіндегі жұмсақ ойыншықты балалар керісінше жақсы көреді. Сатушылар бұндай ойыншықтың күніне 20 шақтысы сатылатынын айтады. Ал олардың бағасы 1 500 теңгеден 7 мың теңгеге дейін.
Хагги бұл компьютерлік ойындағы ойыншыға шабуыл жасаушы құбыжық. Бұл қорқынышты алып құбыжық құшақтауды біледі. Сондықтан да оның аты ағылшын тілінде “to hug” “құшақтау” деген мағынаны білдіреді.
Алайда кей ата-аналар бұл ойыншықтың қауіпт деп ойламайды.
Психологтар керісінше, дабыл қағуда. Олар бұл ойыншықтың бала психологиясында бақыт гармонын төмендетіп, күйзеліске көп түсуіне ықпал ететінін айтады.
Алайда психолог балалардың қорқыныш факторын жеңу жолында бұл ойншықтың пайдасы бар екенін айтады. Бірақ баланың ойыншықтың қандай тұстарын қабылдайтыны белгісіз.
Осы орайда мамандар балаларға қорқынышты құбыжық, зұлым кейіпкерлерге қарағанда, көңілді, жүзі жылы ойыншық бейнелерін таңдаудға және мейірімділікке насихаттайтын мультфильмдерді жиі көрсетуге кеңес берді.