15 қыркүйектен бастап оқушылар онлайн сабақ оқитыны рас па?

1 657

Фото: NUR.KZ / Владимир ТретьяковМессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан білім алады деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Мәліметті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сайтында жоққа шығарды.

 "Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарда. Ведомство мәліметінше, жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. "Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі", - делінген хабарда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.