Жетібаймұнайгаз компаниясына жерге мұнай төккені үшін айыппұл салынды
Жетібаймұнайгаз компаниясына жерге мұнай төккені үшін айыппұл салынды. Құзырлы орган Жаңаөзен қаласы мен Жетібай ауылы аумағындағы мұнай-газ өндірісі орындарында экологиялық заңнамасының сақталуын тексерген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Министрліктің мәліметінше, Маңғыстау облыстық экология департаменті 2024-2025 жылдары жердің мұнай өнімдерімен ластану дерегі бойынша «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына қатысты 8 тексеру жүргізген.
Оның қорытындысы бойынша жерді бүлдіру дерегі расталған.
Экологтар тексеру барысында кемшіліктің басым бөлігі штаттан тыс жағдайлармен байланысты болғанын анықтаған.
Атап айтқанда, мұнай өндіруші ұңғымаларды бұрғылау және салу кезінде болған апаттық жағдайлар, ұзақ уақыт пайдаланылып келе жатқан магистральдық құбырлардың коррозияға ұшырауы.
Дегенмен, департамент қызметкерлері аталған компанияның нұсқамаларды және ремедиация іс-шараларын уақытында орындауын бақылаған.







