Қызылорда тұрғыны аялдамадағы ақпаратты мемлекеттік тілде жазуды сұрап, сотқа жүгінді
Қызылорда тұрғыны автобус аялдамаларындағы ақпаратты мемлекеттік тілде жазуды міндеттеуді сұрап, Қызылорда қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сот талап қоюшының мемлекеттік тілде ақпараттар алуға қатысты конституциялық құқықтары бұзылғанын ескеріп, талап қоюды қанағаттандырып, жауапкерге автобус аялдамаларындағы ақпараттарды мемлекеттік тілде орнатуды міндеттеді.
Сонымен қатар, бөлімнің тұлғаларының тарапынан жіберілген бұзушылықтар бойынша жеке ұйғарым шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне еніп, орындалды.