Тойдың соңы төбелеске ұласып бір жігіт қайтыс болды

1 506

Фото:© ашық дереккөзАқтөбе облысының Шалқар ауданында тойдан кейін болған төбелес кезінде 26 жастағы азамат шабынан пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Қайғылы оқиға тойдан кейін болған қарапайым отбасынан шыққан Жақсылық есімді марқұм әлі отбасын құрып үлгермеген және жергілікті техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде жұмыс істеген. Бұл жағдайды Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы растаған.

«2026 жылғы 9-шы тамызда медициналық ұйымға 2000 жылы туған пациент шабының пышақ жарақатымен жеткізілді, пациент сағат 05.51-де түсіп, медициналық қызметкерлер дереу реанимациялық іс-шараларды бастады. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, сағат 06.21-де биологиялық өлім фактісі тіркелді», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ақтөбе облысының полиция департаменті адам өліміне әкеп соққан бұл қылмысқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеген.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деп хабарлады полиция.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.