Кездейсоқ танысқан ер адамның атына 1,5 млн несие рәсімдеген
Кездейсоқ кездесуден кейін астаналық азамат ірі сомаға борышкер болып шықты, - деп хабарлайды "" ақпарат агенттігі.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, белгілі болғандай, екі ер адам көшеде танысып, бірге ішімдік ішіп, уақыт өткізбекші болады. Кейінірек олар дүкенге кіріп, жәбірленуші мобильді банктік қосымша арқылы алған тауарларының ақысын төлеген. Сол уақытта қаскүнем телефон мен қосымшаның құпия сөзін байқап қалған. Ыңғайлы сәтті күтіп, ол телефонды жасырын ұрлап алған.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға төлем жасау үшін мобильді қосымшаларды пайдаланған кезде қырағы болуды ескертеді.